Үстіміздегі жылдың сәуір айының 4-ші жұлдызынан бастап РТ МДБ мен Ресей мұсылман жастары қоғамы бірігіп, алғаш рет «Мұсылман сенім телефоны» әлеуметтік жобасын іске қосатын болады.
(843) 202-4-202 сенім телефонына хабарласқан әрбір адам Ислам діні туралы ақпараттарды біле алады. Сондай-ақ, ол адамға құқықтық және психологиялық жәрдем де көрсету бұл жобаның негізгі қызметі. Аталған сенім телефоны жобасында: мұсылман психолог, құқықтанушы және Ислам шариғатын терең меңгерген сарапшы жұмыс жасайды деп жоспарлануда.
Қызмет әзірге орыс және татар тілдерінде ғана үйлестірілген. Бірақ, ұйымдастырушылардың айтуынша алдағы уақытта өзбек және тәжік тілдерінде білетін мамандарды да тарту көзделіп отыр.
Айта кету керек, аталмыш жоба Ресейдегі «Діннің құндылықтарын қайта жаңғырту» жылы аясында жүзеге асырылуда. Және де «Сенім телефоны» тек мұсылмандарға ғана емес, басқа конфессия өкілдері мен Ислам діні мен мұсылмандар туралы ақпарат білгісі келетін барша адамдарға арналған.
Muftyat.kz
Ақпарат islam-today.ru сайтынан аударылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.04.2014
4346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру