Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мысырдағы әлемдік конференция

02.04.2014 4218 0 пікір

Мұсылман үшін өзінің күнделікті өмірінде қажетті діни үкімдерді үйренуі қажет ақ. Әркім өз білгенімен әрекет жасайын десе, жаңсақ ойы жарға апарып соғуы әбден ықтимал. Сонда не қылмақ? Ендеше білмегенің сұрау керек. Бабаларымыз: «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса кішіден сұра», - деп кеңес береген. Қасиетті Құранда Раббымыз: «Егер білмесеңдер онда білетіндерден сұраңдар», - дейді. Яғни белгілі ғалымдардың берген пәтуасына жүгінуге тура келеді.

Араб тілінде «Пәтуа», - деп, қиын сұраққа жауап беру, пікір айту деген мағынаны білдіреді. Шариғатта кеңес сұраған кісіге дәлел негізінде шариғи үкімді түсіндіріп беруді пәтуа дейді. Әр заманның пәтуа беретін өз ғалымдары болуы тиіс. Тіршілікте жаңадан туындаған мәселелер бойынша пәтуа беріп отыру парыз кифая. Алайда пәтуаның жауапкершілігі өте ауыр.

Осы себепті де, Мысыр елінде наурыз айының 26 мен 27 жұлдызында «Білімсіз пәтуа шығарудың салдары, Такфиршілердің зардабы» атты әлеми конференция өтті. Аталмыш жиында Отанымыздан ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының арнайы жолдауымен, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы болып қайтты. Үлкен басқосуда алғашқы болып сөз алған Азһар университетінің шейхі,  Ахмад Таиб алды, одан кейінгі сөз УАҚФ министірі Мұхаммад Мұхтар Жұмғаға берілді. Сонымен қатар алғашқылардың бірі болып, еліміздегі «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Шәмсиддин Керім мырзада өз баяндамасын жасады. Әлем мұсылмандарын алаңдатқан мәселе, білімсіз түрде пәтуа берушілердің бүгінгі күні сандарының артып, соның салдарынан жер жүзінде қаншама қиыншылықтар мен бүліктер белең алып жатқандығы еді. Әрбір ақыл иесі білімсіз түрде пәтуа берудің нендей, оның соңы сан соқтырарлық өкініш екенін білсе шіркін! Абу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте, пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде кім ілімсіз бола тұрып пәтуа айтса, оның күнәсін көтереді. Ал, кімде кім өзінің бауырына тура жол басқа жақта екенін біле тұра, мүлде басқа бір жолға нұсқаса, шынында, оған қиянат етіпті», - деді.

Шынында да, діни үкімдерді кез-келген адамнан сұрау дұрыс емес. Мұныңда өзіндік тәртіппен қағидалары бар. Әуелі, пәтуа ілімді, тақуа және әділетті адамнан сұралады.  

Жиын барысында сондай-ақ, Тәкпіршілердің тәлкегіде тілге тиек болды. Конференция сәтті аяқталып, жиынға қатысушылар талай пайда алып елдеріне тарасты.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру