Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Америка мұсылмандары кедейлерге көмек беруде

28.03.2014 4607 0 пікір

Американың Миссури штаты Сент-Луис қаласының мұсылмандық ұйымдары алғаш рет қайырымдылық жүгіру марафонын ұйымдастырмақшы - деп Ансар.ру сайты хабарлайды.

Марафонның мақсаты өңірдің шығысын мекен ететін тұрмыс жағдайы төмен, баспанасыз отбасыларына көмек көрсету. Аталмыш аймақ тұрғындарының 23% пайызы яғни, 80 675 адам кедейлік тауқыметін кешетін көрінеді.

 «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: Исламның бір қыры ол мұқтаж жандарды тойдыру. Біз Американдық мұсылмандармыз, Ислам бізге мұқтаждарға көмектесуді үйретті» - дейді қайырымдылық іс-шарасының басшысы Аббас Али.

Бұдан бөлек, америкалық ислам жастар ұйымы жергілікті Ислам орталығының алдында әр аптаның сенбісінде  түскі ас таратады.

Алғаш ұйымдастырылмақ болған қайырымдылық жүгіру жобасы сәуірдің 20 күніне жоспарлануда.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру