Малайзия пәтуәлар кеңесі жоғалған MH 370 ұшағындағы жолаушыларды "мәфғуд", яғни "із-түссіз жоғалған" деп таныды. "Сондықтан олар өлгендер сапына қосылады" деп muslim.kz сайты "New Strait Times" сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кеңес төрағасы Тан Абд Шокор Хусин ұшақ бортында болған азаматтарды "сияхид ахират" - аспанда азап шегушілер деп танып, осы сала ғалымдарының пікіріне орай нақты шешім қабылданғанын айтады. Ал жаназа-намаздың қашан оқылатыны жөніндегі сұраққа, кеңес төрағасы, барлық іздестіру жұмыстары толық аяқталған кезде оқылады деп жауап берген.
Естеріңізге сала кетейік, ислам құқы бойынша, жер бетінде (аспанда емес) жоғалған адамдарды үш жылдан кейін ғана өлгендер сапына қосып, жаназа оқуға болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.03.2014
5021
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру