Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңірінде ана тіліміз дәріптелді

12.03.2014 4045 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014 жыл «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялануына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде көптеген іс-шаралар өтуде. Соның бірегейі Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт Сырдария» мешітінің  бас имамы Талғат Сейіткәрімұлының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» аясында қаламыздағы №257 мектепте  тіліміздің қолданыс аясын кеңейту және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Ана тілім - ардағым» тақырыбында ауқымды іс-шара болып өтті.

Аталған шарада қалалық білім бөлімінің мамандары қатысып, өз ойларымен бөлісе кетті. Және мешітіміздің найб имамы Жұбанов Асқар ана тіліміздің қазіргі қоғамдағы орны мен дініміздегі орнын ашық түсіндіріп берді. Шәкірттеріміз тілімізді қастерлеп, құрметтеуге ынтасын арттыру мақсатында мәнді де мағыналы қара өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер  айтты.

Аталған шараға қаламыздың жүзге жуық мектептерінің оқушылары жиналып, тағылымы терең, мағыналы сұхбат тыңдап, дәстүріміз бен дінімізді дәріптеген игі істің куәсі болды.

Сонымен қатар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қолға алынған «Дін мен дәстүр» жылын одан әрі дамыту, насихаттау мақсатында алдағы уақытта да мәдени, рухани іс-шараларды көптеп ұйымдастыру басты назарда.

Нұрсәуле Дәулетбаева
Қызылорда облысы «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру