Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандарға арналған қол сағаты

28.02.2014 5829 0 пікір

Ағылшындардың "Lanswood" компаниясы аудармасында «Сағат емес» деген мағынаны беретін "No-Watch" бренді бойынша өзгеше сағаттарды шығара бастады. Оның бұл атауы әдеттегі сағаттардан айырмашылығына байланысты алынғанын айта кету керек.

Аталмыш брендін «Нөмірлі сағат» деп те тәржімалауға болады. Өйткені, бұл сағат 500, ары кетсе 700 данамен ғана шығады. Діни ерекшеліктер мен ережені ескерген компанияның бұл жобасы өзгешелігімен есте қалатын болды.

"Hijrah" үлгісіндегі сағатта асыл дініміздің артықшылықтары ескерілген екен. Military үлгісінде жасалған 50 миллиметрлік корпусының өзі осы сөзімізге дәлел бола алады. Арабша сандармен таңбаланғанын да айта кетпеске болмайды.

Сағат механизіміне қатысты атауда "Tawaf" сөзінің төркіні қасиетті Қағбаның айналасындағы сағат тіліне қарсы айналу рәсіміне саяды.

Тілінің оңнан солға қарай айналатыны да оның бір ерекшелігі. Өзгеше сағаттың құны 160-170 ағылшын фунтын құрайды. 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру