Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғыздар 14 ақпанды «шайтандар күні» деп атады

12.02.2014 4644 0 пікір

Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің депутаты Тұрсынбай Бакир уулу әулие Валентин күнін «шайтандар күні» деп атаған. Бұл туралы Қырғыз ТАГ агенттігі хабарлады.

 Жогорку Кенештің отырысында депутат: «Әулие Валентин күні – бұл шайтанның мерекесі, оған тиым салу керек», - деді.

Халық қалаулысының ойынша, бұл мереке «қырғыз халқының ділі мен жастардың санасына кері әсер етеді».

«Бүгінгі күні бұл күнді мектептерде атап өтетін болыпты. Бұл қалай болғаны?», - деп, ұлттық дәстүрге кері әсерін тигізетін күнді атап өтуге тиым салуды сұрады. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қырғыз елінде аталған күн жастарда арасында кеңінен аталып өтілетін болған. Әулие Валентин күнінің жалпы қоғамдық сипат алуынан қорыққан депутат Тұрсынбай Бакир уулуның бастамасын әріптестері қолдап отыр.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
baq.kz 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру