Миланда 2013 жылы жабылған Palasharp мұзайдынының орнына зәулім мешіт салу жобасы қарастырылуда.
Жоба, әлі жарияланбаса да қалалық әкімшілікке ұсынылған. Құрылысты қаражаттандыру үшін жергілікті және шетелдік инвесторлармен, сондай-ақ мұсылман қауымдастықтарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Муниципалитет өкілдері жобаның қаражаты италияндық салық төлеушілердің өз қалталарынан шығармайтындықтарына сендіруде. Олардың айтуынша жергілікті мұсылман кәсіпкерлер Миланға жыл сайын мешіт салдыруға ниет білдіруде.
Бүгінгі таңда Италияда шамамен 800-ге жуық мешіттер мен намазханалар бар. Ал Милан қаласындағы мұсылмандардың саны 120 000 жетті деп хабарлайды islamonline ақпараттық порталы.
asylarna.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.02.2014
4239
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру