Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстанда дiни экстремизм идеяларын насихаттайтын жүзден астам сайт бар.

03.02.2014 4028 0 пікір

ҚазАқпарат - Қазақстанда дiни экстремизм идеяларын насихаттайтын жүзден астам сайт бар. Бұл туралы бүгiн ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Гүлшара Әбдiқалықованың қатысуымен өткен ҚР Дiн iстерi агенттiгiнiң алқа мәжiлiсiнде ведомство басшысы  Марат Әзiлханов мәлiм еттi.

"Ғаламтор арқылы экстремизм идеяларын насихаттауға қарсы жұмыстар жалғасуда. Екi мыңнан астам сайттардың мазмұнына талдау жасалды. Оның iшiнде 106 сайт және 46 бейнематериал терiс сараптама алғандықтан тыйым салу үшiн прокуратура органдарына жолданды. Қазiргi кезде бұл жұмыс жалғасуда", - деп атап өттi ол. 

Оның айтуынша, бұл жұмыстар ҚР 2013-2017 жылдарға арналған Дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама аясында бiрнеше ай бұрын басталған. 

"Осы бағытта агенттiк басқа меморгандармен дiни және қоғамдық ұйымдармен бiрлесе отырып, бiрнеше iс-шаралар атқарды. "Таблиғи жамағат" ұйымы экстремистiк болып табылып, оның қызметiне тыйым салынды. Екiншiден, ақпараттық "Е-Islam" сайты құрылды. Үшiншiден, дiни мәселелер жөнiнде ақпараттық қабылдау және азаматтарға кеңес беру бiрыңғай орталығы ашылды. Тәулік бойы жұмыс iстейтiн 114 шұғыл телефон желiсi жұмыс iстей бастады. Қазiргi таңда 400-ге жуық қоңырау шалынды. Әкiмдiктердiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 8 облыста дiн мәселелерiн зерттеу орталықтары құрылуда",  - деп түйдi сөзiн М. Әзiлханов. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру