ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Елбасының «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жаңа Жолдауы аясындағы 2014-жылға арналған міндеттер туралы баяндау кезінде еліміздегі донор мәселесіне де тоқталып өтті.
«Қазіргі уақытта біз еліміздегі барлық имамдармен жұмыс істеудеміз. Оларға донор мәселесі туралы насихат жүргізуді өтіндік. Жуырда Алматы мешітіндегі жұма намазында донор мәселесі туралы айтылды. Барлық азаматтарды донор мәселесіне назар аударуды сұраймыз», - деді С.Қайырбекова.
Айта кетейік, Ислам діні емдеу жолдарын іздеуді қолдайды әрі мұсылмандарға үмітсіздікке түспеуді қатаң ескертеді. Өйткені, адамдар әлі емдеу жолдарын білмеуі мүмкін, әйтсе де әрбір дерттің өз шипасы бар. Ағзалар донорлығы адамзатқа деген қайырымдылық, ізгі ниеттілік, альтруизм мен махаббаттың белгісі. Діни түсінік бойынша, Құдай өздерінің жақындарын жақсы көретін және олардың ауыртпашылықтарын жеңілдетуге, қайғыларын бөлісуге тырысатын адамдарды жақсы көретініне сенеді. Донорлық ағзаға қарсы жасалатын қиянат болып табылмайды.
Керісінше, бұл Құдай жақсы көретін және мадақтайтын, басқа жақындарға деген мейірімділік пен тілектестік әрекеті.
Ислам дінінде ниет маңызды орынға ие. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) адамдардың іс-әрекеттері олардың ниеттеріне қарай бағаланады деген. Ағзаларды ауыстыру ниетке қатысты принциптен тыс қалмайды. Адам ағзалары тауар емес. Сондықтан, оларды донорлау ақысыз, қайтарымсыз негізде жақындарына деген махаббат пен бауырмашылық сезімінің көрінісі ретінде болуы керек.
e-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.01.2014
4308
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру