Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Англиядағы әрбір оныншы бала мұсылман

13.01.2014 4919 0 пікір

Қазіргі уақытта Англия мен Уэльстегі төрт жасқа дейінгі әрбір оныншы бала мұсылман, деп жазды The Telegraph басылымы.

Газета.ру сайтының жасаған хабарламасында бес жасқа дейінгі балалардың арасында мұсылман балалары жиі кездесетіні анықталған.

Эсекс университетінің профессоры Дэвид Воастің айтуынша Ұлыбританияда таяу арада мұсылмандардың саны күрт көбейеді. Оның бұл мәлімдемесіне халықтың өсімін зерттеулеріндегі тұжырымдары себеп болған. «Жасырын емес, алдағы он жылда мұсылмандардың саны христиандардан асып түседі», - деп атап өтті ол.

Англия мен Уэльстегі халық санағының нәтижесіне сәйкес, 2001 жылы мұсылмандар 1,6 млн адам немесе халықтың 3% еді. Ал, 2011 жылы бұл сан 2,7 млн адамға дейін көбейіп, тұрғындардың 4,8%-ын құрады.

e-islam.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру