Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отаны үшін ортақ дұға қылмақ

05.01.2014 4610 0 пікір

Нигерия мұсылмандары алдымыздағы жексенбіде мемлекет тарихындағы бірігуге жүз жыл толғанына орай жамағат болып жиылып, жалпыхалықтық намазға жығылмақшы. Осы арқылы ел билігінің назарын аудартып, жамағат арызына құлақ асар деген сенімде.

Ұйымдастырушылар Лагос қаласының орталық алаңында өтетін бұл намаздың жайшылықтағы жамағатпен оқыған оқыған намаздан өзгеше болатын айтуда. «Біздің намазымыз бен дұғамыз бүкіл елімізге әрі бүкіл әлемге үндеу болмақ. Осы арқылы біз барлық жандардың санасын оятуға тырысамыз», –  дейді Мұсылмандардың қоғамдық ісі жөніндегі орталық басшысы Диш Камор.

Өткен жылдың қараша айында Ислам істері жөніндегі Жоғары Кеңес мемлекет президенті Гудлак Джонатан бастаған үкімет басшыларына «мұсылмандарды ығыстыру» саясатын жүргізгені үшін айыптаған болатын. Жоғары Кеңестің айтуынша, оңтүстік аймақтағы мұсылмандар көп шоғырланған 17 штаттың министрлерін үкімет өздері тағайындағанымен, араларында бірде-бір мұсылманның болмауы ел тағдырына немқұрайдылық танытудың белгісі.

Сондай-ақ, солтүстік аймақтағы 19 штат министрлері тек христиан дініндегі адамдар болып шықты.

Нигериялық мұсылмандар ел билігінің шариғат шарттарына қайшы келетін көптеген заң жобаларын қабылдағандарына қарсылық танытуда.  Сондай, қоғамдық орындарда шариғат шәлісін киюге салынған тыйым да мұсылмандардың құқығын шектеу болып табылады .

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру