Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының әл-Әзһар университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық келісімге сәйкес, 7 имам 3 айлық білім жетілдіру курсында ілім алуға аттанды.
Діни басқармада Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен мәжіліс өтіп, Мысырда білім алатын имамдарға нұсқаулықтар мен бағыт-бағдар берілді. ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев дін қызметкерлеріне сәттілік тілеп, тиісті кеңестерімен бөлісті.
«Әйгілі әл-Әзһар университетінде білім алу – үлкен абырой һәм жауапкершілік. Сондықтан оқуда белсенділік танытып, талмай ілім алуларыңызға тілектеспін», – деді Ғылымбек Мәжиев.
Айта кетейік, еліміздің әр аймағынан келген 7 имам арнайы куәлік алады.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.12.2013
5305
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру