Осыдан бірер ай бұрын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет «Әзірет Сұлтан» мешітінде ТМД мүфтилерін қабылдаған еді.
Ресми қабылдауда Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының атқарушы әкімі Батырхан Хадысұлы арғы беттегі ағайынның тыныс тіршілігі мен діни ахуалын баяндай келе, ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлына өтініш білдірді. «Құрметті хазрет! Сізден имамдарымызды бір үлгідегі шапанмен қамтамасыз етуге қолғабыс жасауыңызды сұраймын», – деді. Бас мүфти сөзге келместен бұл өтінішті орындауға уәде етті. Уәде орындалды, Моңғолиядағы имам-молдаларға қазақы үлгідегі шапан жеткізілді.
Бүгін Бас мүфтидің поштасына Моңғолия мұсылмандары атынан алғыс хат түсті. Батырбек Хадысұлы: «Құрметті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы! Баян-Өлгей аймағы бойынша 2013 жылдың жұмысы есебі тыңдалып, семинар барысында Сіздің тарапыңыздан жолданған шапандарды имамдарымызға түйгелдей табыс еттік», – деп жазады алғыс хатта.
ҚМДБ мұсылман әлемінің Діни басқармаларымен әріптестік қарым-қатынасты жандандырып, ортақ игі жобаларды жүзеге асыра бермек.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.12.2013
5257
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру