Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Австралия біржынысты некеден бас тартты

13.12.2013 4855 0 пікір

Австралияның жоғарғы соты елде бұдан бұрын заңдастырылған біржынысты некеге қайта тиым салды. Австралия астаналық аймағы қабылдаған осынау заң федералды заңнамаға қайшы келгендіктен ол күшін жойсын делінген аталмыш құжатта. 

 

Канберрада биыл қабылданып кеткен заң "Неке туралы" федералды заңға қарама-қайшы. 1961 жылғы заң жобасында неке ер азамат пен әйелдің арасында ғана қиылады деп жазылған.

Соттың пікірінше, біржынысты некені заңдастыру ел парламентінің құзырына кіреді. Ал, Австралия парламенті бұл ұсынысты 2012 жылы қарап, оны қабылдаудан бас тартқан болатын.

Бүгінде әлемнің 15 елінде еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің бір-біріне үйленуіне заңды түрде рұқсат берілген. Австралия болса Хорватия мен Үндістаннан кейін биыл біржынысты некеден ресми түрде бас тартқан үшінші мемлекет болып отыр.

baq.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру