Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматылық 76 жасар имам кір тасын көтеруден әлемдік рекорд жаңартты (ФОТО)

11.12.2013 5274 0 пікір

Алматы облысының тұрғыны әлемдік рекорд жаңартып, Гиннестер кітабына енді. 76 жастағы Әмірбай Рысқұлов 30 минуттың ішінде кір тасын 750 мәрте көтерді. Жасы келсе де қайраты жасымаған қария бұл жөнінде mail.ru сайтының тілшілеріне берген сұхбатында тілге тиек еткен.

Үстіміздегі жылдың қараша айының соңында Архангелскі қаласында өткен кір тасын көтеру кезекті сайысында «батыр» қария жаңа белесті бағындырды. Жоғары марапатқа ие болғаны туралы сертификаты мен медалі жақын күндері ғана табысталды. Айта кетуіміз қажет Әмірбай Рысқұловтың 55 жастағы шәкірті Жұмахан Күзбаевта сол Архангелскіде ұйымдастырылған сайыста өз салмағы бойынша жаңа рекордты бағындырды. Қазақтың қос палуанын Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы марапаттап, Әмірбай ақсақалдың тек спорт саласында ғана емес, сондай-ақ еліміздегі қасиетті Ислам дініне сіңірген еңбегінінің мол екенін атап өтіп, өз алғысын білдірді.

Әмірбай Рысқұлов СССР-дің спорт шебері, күні бүгінге дейін әлемдік және Азия көлемінде кір тасын көтеруден өткен сайыстарқа қатысып, 65 алтын медалді омырауына таққан. Сонымен қатар, еліміздегі асыл дініміздің абыройын асқақтату саласында тер төгіп, мешітте имамдық қызмет атқарған. Батыр қария 2011 жылы «Қанатты арыстан» орденін иеленді. Ол Алматы қаласындағы спорт институтында білім алып, еркін күреспен шұғылданған.

Нағыз қазаққа лайықты қайратты палуандарға Аллаһ қуат берсін. Сайын дала төсінен әлі де талай тарландардың туылатынына сеніміміз мол.

www.muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру