Ресейдегі ең ескі мешіттердің бірі - Рязань облысындағы XV ғасырда салынған Хан мешіті мұсылмандарға қайтарылып берілді.
Ресей мұсылмандар діни басқармасы бүгін бірнеше жыл құқықтық талас-тартыстан кейін Мәскеуден шығысқа қарай 225 километр жерде орналасқан Касимов қаласындағы Хан мешіті мен Шах Әли және Мухаммад Авган Сұлтан мазарларын қайтарып алғанын хабарлады. Бұл мешіт пен мазарлар бұған дейін Касимов аймақтық музейінің иелігінде болып келген еді.
15 ғасырда татарлар тұрғызған мешіт Ресейдегі Дағыстанның Дербент қаласында 13 ғасырда салынған Жұма мешітінен кейінгі ең көне мешіт саналады.
baq.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.12.2013
4722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру