Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфтидің Ақмола облысына іс сапары басталды

29.11.2013 4690 0 пікір

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  Ақмола облысында жұмыс бабындағы іс сапары басталды. Бас мүфти осы сапар аясында Ақмола облысында өтетін бірқатар іс-шараларға қатыспақ. Алдымен Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовпен кездесті. Көкшетау қаласындағы  Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінде «Дін және дәстүр» тақырыбында өтетін конференцияда сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сонымен бірге, Бас мүфти Науан хазрет атындағы орталық мешітте жұма намазында жамағатпен кездеседі. Осыдан кейін Көкшетау қаласында салынып жатқан жаңа мешіт құрылысымен  танысып, жергілікті телеарнаға сұхбат беру жоспарланған. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру