Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі дінтанушы ғалым Ануар қажы Жүнісов өмірден озды

22.11.2013 5033 0 пікір

Бүгін таңертең Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының Сібір федеральдық округінің мүфтиі, «Омбы облысы қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының президенті, Омбы облысы қоғамдық палатасының мүшесі Ануар Жүнісов өмірден озды.

Жетпіс екі жасында мәңгілік сапарға аттанған Омбыдағы қандасымыз сол өңірде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырған. Қоғамдық шараларға белсене атсалысқан.

Омбы қаласы әкімдігі қоғам қайраткерінің туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты. Аймақ басшысы оның қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқанын да атап өткен. «Ол Омбы тұрғындарының тату-тәтті өмір сүруіне үлкен септігін тигізді. Жерлестерінің арасында үлкен құрмеке ие болды. Ануар Жүнісовтың есімі өңір тарихында мәңгі сақталатын болады» деген қала әкімі Вячеслав Двораковский.

Соңғы уақыттарында дін, ұлт жанашыры қатты науқастанып, ауруханада жатқан көрінеді.  

Жат аймақтағы қандастарымызға қамқорлық танытып, көшбасшы болған Ануар Жүнісовтің қазасы атамекеніндегі қазақтардың да жанына батты, біз де марқұмның отбасының, туған туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқап, жәннаттың төрін нәсіп етсін.

e-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру