Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әр аптада "Жұма уағызы" бағдарламасын тамашалаңыздар

13.11.2013 7736 0 пікір

«Еуразия» бірінші арнасында жаңадан - «Жұма уағызы» және «Воскресная беседа» хабарларының екі топтамасын іске қостық - деп "Литер" газетіне берген сұхбатында арнаның бас директорының бірінші орынбасары Мұхтар Ерман айтты. 

Әр аптаның жұма күні сағат 11:00-де эфирге шығатын болады. Бұл бағдарламада, еліміздегі кеңінен таралған екі жетекші дін өкілдері – Қазақстанның Бас мүфтиі мен Орыс православиелік шіркеу архиепископы шақырылатын болады.

Онда олар «Еуразия» бірінші арнасының эфирінде қазақстандықтарға арнап, уағыз айта алады. Көтерілетін тақырыптар әртүрлі болмақ. Мысалы, дін мен отбасы, экстремизм мен лаңкестікке деген көзқарас, адамгершілік және руханилық мәселелері, үлкенге деген құрмет, діни мерекелердің іс жүзіндегі мәні.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру