Abna.co –ға сілтеме жасай отырып Islamnews.ru сайтының хабарлауынша, әлемдегі тұңғыш жерасты мешіті Ыстамбулдың Бүйікчекмеджі аймағында ашылады. Мешіттің жобасы, World Architecture Fest халықаралық архитекторлық байқауында “Діни ғимараттар мен құрылымдар” атты номинациясы бойынша бірінші орынды иемденген болатын.
“Санджаклар” деп аталатын мешіт жеті метр тереңдікте орналасқан. Оның ауданы 1200 шаршы метр, ал сыйымдылығы 650 адам.
Жобаның авторы түрік архитекторы Эмре Аролат.
Мешіттің залы Пайғамабарымызға (с.ғ.с.) алғаш аяттар түскен, Меккенің маңындағы Хира үңгірін еске салатындай жасалынған. Мешіттің ерекшелігінің бірі - орналасуына байланысты мұнаралары жасалынбаған.
2012 жылы Табук шаһарында (Сауд Арабия) тұңғыш су астынан мешіт бой көтергені белгілі. Суасты мешітінің жобасы талай жанды тәнті еткені есімізде. Сондықтан бұл мешіттің орналасу ерекшелігі алғаш рет жүзеге асып отырған жоқ.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.11.2013
5783
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру