Түркияның мемлекеттік оқу орындарының жатақханаларында ұлдар мен қыздар бөлек тұратын болды. Бұл жайлы сейсенбі күні елдің премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған өзі басқаратын «Әділет және даму» партиясының отырысында мәлімдеді.
«Біз мемлекеттік жатақханаларда ұлдар мен қыздардың араласып тұруына жол берген емеспіз, бұдан әрі де жол бермейміз. Ол жерлерде не болып жатқанынан хабарымыз жоқ. Тәртіпсіздіктің кесірінен оқыс нәрселер орын алуы әбден болуы мүмкін. Кейін ата-аналары: «Мемлекет қайда қарап отыр?» –дейді. Міне, бұл қадамдар мемлекеттің жас жеткіншектерге деген қамқорлығын көрсетеді.
Сондай-ақ, үкімет басшысы бұл шараның азаматтардың жеке өміріне араласу деп түсінбестен, керісінше ата-аналары мемлекетке тапсырған балаларға деген мемлекет пен партияның тікелей жауапкершілігі екенін атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2013
4988
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру