Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шіркеу мешітке айналмақ

05.11.2013 4896 0 пікір

Бұрыңғы методистік шіркеу ғимараты Джерсилік (Ұлыбритания жағалауларындағы кішкене арал) мұсылман жамағатының иелігіне өтті – деп хабарлады BBC.

Алдыңғы ғасырдың орта шенінде бой көтерген «Аквилла» шіркеуі жергілікті жанұялардың бірінің мүлкі болатын. Осыған дейін, аталмыш ғибадат үйіне мінәжәт етуге келушілер аз болғандықтан, оны келісім бойынша жергілікті мұсылмандар намазхана ретінде пайдаланып келген.

Аталмыш ғибадат үйі 425 мың фунт стерлингке сатылды.

Жергілікті мұсылман жамағатының жетекшісі д-р Сафар Жамалидың айтуынша аралдағы өзге дін өкілдері бұл келісімді жағымды қарсы алған көрінеді.

Қазірде Еуропа мен АҚШ-та келушілердің азшылығы мен қаражат тапшылығының себебінен дәстүрлі конфессияларға тиесілі шіркеулердің ғимараттары не мұсылман жамағатының немесе жаңа діни қозғалыстардың иелігіне көптеп өтіп жатқанын атап өткен жөн.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру