28 қазан мен 2 қараша аралығында Алматы қаласындағы семинарға қатысып, білімін шыңдап қайтқан облысымыздың өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының имамдардың білімділігн арттыру туралы тапсырмасына орай «Һибатулла Тарази» медресесінде қала және ауыл имам-молдаларының кезекті семинарын ұйымдастырды. Олар 4 топқа бөлініп, әр топта елу имам жеделдетіп дәріс тыңдайтын болады.
Семинар кезінде Құран Кәрім, тәжуид, мазхаптар тарихы, шешендік өнер (һитабәт), хадис ілімі және Ислам ғылымхалы пәндерінен медресеміздің білікті де білімді ұстаздары дәріс береді. 1 ай бойы дін ғылымымен сусындаған имам-молдаларымыз өңірлердегі діни ахуалыдың жақсаруына, дініміздің өркендеуіне үлкен үлес қосады деп сенеміз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.11.2013
4359
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру