Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Грек инженері мұсылмандарға арналған СИМ-карта жасап шығарды

04.11.2013 5176 0 пікір

Грекиялық инженер-электрик Яннис Хацапулос ұялы телефондарға арналған бірегей мұсылмандық СИМ-карта жасап шығарды. Картаның Қыбланы көрсететін компасы, намаз уақыты және намаз уақытында кіріс қоңырауларына автоматты түрде тиым салғышы мен хиджра күн тізбесі сияқты қосымшалары бар. Бір ерекшелігі, қосымшаларды қосу мен өшіруді қолданушы өз қолымен іске асыра алады.

Мұндай СИМ-карталарды басқа да компаниялар мысалы, LG, жасап шығарған болатын. Дегенмен, грек инженерінің қолынан шыққан бұл туындыны смартфондармен қатар жай, арзан телефондарға да қосуға болады. Бұл өз кезегінде, Хацапулостың СИМ-картасының африка және азия нарығында ірі бәсекелеске айналуына үлкен мүмкіндік береді.

Аталмыш мұсылмандық СИМ-картаның презентациясы 14 қараша Кейптаунда, Оңтүстік Африка Республикасы  бұқаралық байланысқа арналған AfricaCOM конгресінің аясындағы көрмеде көрсетілетін болады.

 muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру