Нью-Йорк қалалық кеңесі биыл 30 қазанда 21 жасқа толмағандарға шылым сатылмау туралы жаңа заңға дауыс берді. Қалалық кеңестің көпшілігі жаңа заңда көрсетілген 18 жас мөлшерін енді 21 жасқа ұлғайтты - деп islam-today сайты хабарлайды.
Нью-Йорк қаласының әкімі Майкл Блумберг осы жаңа заңға бір айдың ішінде қол қоюы қажет. Қол қойылған соң 180 күннің ішінде бұл заң өз күшіне енеді.
Жаңа заңның ерекшелігі сол, шылыммен қатар электронды темекілердіде сатуға болмайды. Қабылданатын жаңа заңда жас мөлшерімен қоса, сатылатын бағасының ең төмені 10,5 доллар және темекі өнімдерін астыртын сатуға қатаң шаралар қолданатыны қамтылған.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.11.2013
4965
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру