Әлемге әйгілі әнші Рианна Diamonds World Tour шарасы аясындағы гастролдік сапарында елді елең еткізер қылықтарға жиі баруда. Мәселен, Тайландта жоғалуға айналған хайуандармен «серуен» құрғаны бар - деп muslim.kz сайты хабарлайды.
Әбу-Дабидегі шейх Зайд атындағы мешітте түскен бұл жолғы фотосуреті бұрынғыларынан да асып түсті . Сенбі күні кешкісін Әбу-Дабиге ұшып келген ол ақ мәрмәрдан тұрғызылған мешітке бас сұғып, өзінің шариғат шәлісін жамылғанын жұртшылыққа көрсеткен болатын. Осыдан кейін оның бұл фотосуреті Instagram, Badgalriri-дегі өз микроблогында жарияланады.
Шариғат шәлісін жамылып, шымқай қара киінген әнші мойнына алтыннан алқа тағынғанына қарағанда, бұл әрекеттері тек атын шығаруға арналғанын анықтау қиын емес. Атағынан ат үркетін әншіні осы күйінде Стивен Гомилион мен Деннис Лепольд есімді фотосуретшілер суретке түсіріп алады.
Бір айта кетерлігі, шейх Зайд мешіті Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мұсылмандардың аса ірі құлшылық үйі болып табылады. Намаз уақытынан тыс уақытта мұсылман еместер де ғибадат үйіне бас сұғып, сәулелі сәулетін тамашалай алады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.10.2013
24128
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру