
Түркияда алғаш рет Осман империясының әліпбиі мен жазу таңбаларынан тұратын пернетақта шығарылды.
Бұл пернетақтаны Құранды басып шығарумен айналысатын фирманың қажеттілігі негіз болған. Сонымен қатар пернетақтадан бөлек бұл көне тілді қолдануды жеңілдететін арнайы бағдарлама да жасалған.
Фирма басшысы Али Йылдыздың айтуынша осман тілі – бұл Түркия мен ислам әлемін жақындастыратын көпір. «Түріктердің басым көпшілігінің өздерінің ата-бабаларының тілін ұмытқаны өте өкінішті. Өйткені бұл тілде қаншама құнды ғылыми, діни, тарихи дүниелер шаң басып жатыр. Алдыңғы буынның жетістіктерінен бас тартып жатқан ел біз ғана шығармыз. Біздің басым көпшілігіміз тіпті османдықтардың қалдырып кеткен бұл құнды дүниелерін оқи да алмауымыз үлкен сын. Біздің жасап шығарған осы бір пернетақта осы бір қалыптасқан жағдайды өзгертуге үлес қосады деп үміттенемін» -дейді Йылдыз.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2013
5929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру