
25 қыркүйекте Әзірбайжан Халықаралық банкі (ӘХБ) еуропалық банктердің ішінен алғаш болып ислам банкингі талаптарына сай келетін өнім - Qiblə kart карточкасын ұсынды.
MasterCard Platinum дебеттік карточкалар базасында жасалған карточканың дизайны да ерекше. Әрі әлемнің кез келген жерінен қыбланы көрсететін арнайы элоктрондық компаспен жабдықталған.
АХБ-ның Ислам банкингі басқармасының басшысы Бехнам Гурбанзаденің айтуынша құны 40 манатты құрайтын Qiblə kart жақын арада айналымға шығарылады.
Айта кету керек, АХБ 2012 жылдың қыркүйегінде ислам банкингін ендіру жобасы аясында «Ислами терезесін» іске қосқан болатын.
Сондай-ақ АХБ Басқармасының шешімімен Ислам банкингі басқармасы құрылып, ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Банктің ислам терезесі «Иджара» – дәстүрлі лизингтің ислами баламасы, «Уакала» - дәстүрлі депозиттің ислами баламасы, ислами банк карточкалары, «Қарз Хасан» есепшотын ашу сияқты банктік өнімдер бойынша қызмет көрсетуде.
Банктің бұл өнімдері Дұбай Ислам банкі негізін қалаған «Dar al Sharia» тәуелсіз шариғи қаржылық-құқықтық кеңес беру компаниясының сертификациялауынан өткен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2013
5676
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру