Елордада өтіп жатқан республикалық форум аясында Медресе шәкірттерін оқытуға арналған 3 жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.
Тағылымды шараның салтанатты лента қию рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әлиұлы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Мемлекет және қоғам қайраткерлері Өмірзақ Озғанбай, Жабал Ерғалиев, Толымбек Әбдірайым қатысты.
Сонымен қатар, игі бастамаға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар, Сарапшылар және Жастар кеңесінің мүшелері, Мүфтият қызметкерлері, өңірлердің Бас имамдары мен медресе-колледждер, Құран жаттау орталықтарының директорлары куә болды.
«Мүфтият» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптардың қатарында «Шифахия дәрістері» (1-бөлім), «Шифахия дәрістері» (2-бөлім), «Қасиетті Құраннан таңдалған мәтіндер түсіндірмесі» еңбектері бар. Бұл оқулықтар дін мамандарының білім сапасын арттырып, шәкірттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруге мүмкіндік бермек.


/




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.11.2026
46
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру