Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ФОРУМДА «МЕШІТ ЖӘНЕ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ШӘКІРТ ӘДЕБІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.11.2026 35 0 пікір
ФОРУМДА «МЕШІТ ЖӘНЕ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ШӘКІРТ ӘДЕБІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Елордада өтіп жатқан «Адал қоғам: білім, рухани тәрбие және жауапкершілік» атты дін қызметкерлеріне арналған республикалық форумында «Мешіт және діни оқу орындарындағы шәкірт әдебі» құжаты таныстырылып, мақұлданды. 

Құжатты көпшілікке ҚМДБ Оқу-ағарту секторының жетекшісі Жаңабай Қожин таныстырды.

Бұл құжат мынадай 11 бөлімді қамтиды:

Жалпы ережелер;
Рухани тәрбие және жеке тұлғалық қасиеттер;
Білім алу және діни ақпарат әдебі;
Діни білім мен ақпаратты пайдалану әдебі;
Ұстаздармен қарым-қатынас әдебі;
Өзара қарым-қатынас әдебі;
Сыртқы келбет және жеке гигиена;
Оқу орны мен жатақханадағы тәртіп;
Қоғамдық ортадағы және әлеуметтік желідегі әдеп;
Шәкірттер мен тыңдаушылардың құқықтары мен міндеттері;
Ереже талаптарын сақтау және жауапкершілік;
Қорытынды.

Аталған құжат шәкірттерге тек терең діни білім беріп қана қоймай, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, болашақ дін мамандарының қоғамдық ортада және әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіріп, ұстаздар мен замандастарына деген құрметін арттыруға, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуіне жол ашады.
 




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру