Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДАДА ӨТІП ЖАТҚАН ФОРУМДА «АДАЛ ҚОҒАМ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.11.2026 29 0 пікір
ЕЛОРДАДА ӨТІП ЖАТҚАН ФОРУМДА «АДАЛ ҚОҒАМ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Елордада өтіп жатқан «Адал қоғам: білім, рухани тәрбие және жауапкершілік» атты дін қызметкерлеріне арналған республикалық форумында «Адал қоғам» тұжырымдамасы таныстырылып, қабылданды.

Тұжырымдаманы көпшілікке ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды. Маңызды құжаттың дайындалудағы мақсаты ислам дінінің құндылықтарына негізделе отырып, қоғамда адал, әділетті, жауапты әрі рухани тұрғыда жетілген орта қалыптастыру. Ал негізгі міндеті адалдық ұғымын тереңірек түсіндіріп, ел ішінде әділдік пен жауапкершілікті арттыру.

Тұжырымдама негізгі бес бөлімнен тұрады:

Адал қоғам ұғымының исламдағы негізі;
Адал қоғамның негізгі қағидаттары;
Адал қоғам қалыптастыру жолдары;
Жастар және адал қоғам;
Күтілетін нәтижелер.

Таныстырылымнан соң Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов пен Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев аталған тұжырымдамаға қатысты пікір білдірді.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру