Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ФОРУМДА «МЕШІТ ЖӘНЕ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҰСТАЗДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕЛБЕТІ» ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.11.2026 317 0 пікір
ФОРУМДА «МЕШІТ ЖӘНЕ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҰСТАЗДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕЛБЕТІ» ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Елордада өтіп жатқан «Адал қоғам: білім, рухани тәрбие және жауапкершілік» атты дін қызметкерлеріне арналған республикалық форумында «Мешіт және діни оқу орындарындағы ұстаздың тұлғалық келбеті» құжаты таныстырылып, мақұлданды. 

Құжатты ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов таныстырды.

Бұл құжатта жалпы ережелер, ұстаздың рухани адамгершілік келбеті, ұстаз әдебі, ұстаздың сыртқы келбеті, ұстаздың кәсіби адалдығы және ғылыми жауапкершілігі, ұстаздың кәсіби-педагогикалық әдебі, ұстаздың құқықтық және қызметтік жауапкершілігі көрсетілген.

Осы арқылы ұстаздардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыру, шәкірттерге сапалы әрі жүйелі білім беру мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр. 

Таныстырылыман соң құжат бойынша "Әбу Ханифа" медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет пікір білдірді. 




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру