Қостанай облысында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Дәстүрлі ислам және «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабының маңызы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
Алғы сөзді Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің проректоры Асылан Еділханұлы сөйледі. Бас мүфти құттықтау сөзінде ұлы ағартушының қазақ халқының рухани-ағартушылық тарихындағы орнына тоқталды.
Жиында Қазақстанның Құрметті жазушысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серікбай Оспанов «Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабының түп-негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ Ардақ Абдуллина «Ы. Алтынсарин шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі»,ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Ы. Алтынсариннің «Шараитул ислам» еңбегіндегі ахлақ концепциясы» тақырыптарында ой қозғады.
Жиын барысында Ыбырай Алтынсариннің діни-ағартушылық мұрасы, еңбектеріндегі ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тәрбиенің маңызы талқыланды.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
14.10.2026
266
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру