Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҰСТАЗДЫҚ ЕТУ – ҰЛЫ ІС

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ muftyatkz 05.10.2026 262 0 пікір
ҰСТАЗДЫҚ ЕТУ – ҰЛЫ ІС

Құрметті ұстаздар!

Баршаңызды ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала сауапты істеріңіздің жемісін көруді нәсіп еткей. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлағатты істеріңізге береке тілеймін!

«Адамның адамшылығы ұстаздан» деп Хәкім Абай айтқандай, бойына парасаттылық пен байсалдылық, даналық пен көркем мінез қалыптастыра білген немесе өз саласында белгілі бір жетістікке жеткен кез келген тұлға ұстаз тәрбиесін алып, тәжірибе жинайды.

Өмірдің осы бір ғибратты сәттері әркез жалғаса бермек. Өйткені, ұстаздық ету – өз уақытыңды аямау деген сөз. Аллаға ұнамды істердің барлығына мол сауап жазылады. Солардың ішінде адам тәрбиелеудің маңызы үлкен. Тәрбие ісі – абыройлы жұмыс.

Бір хадисте: «Адам қайтыс болғанда амал дәптері жабылады. Мына үш кісінің ғана сауабы жалғаса береді: артынан дұға жолдайтын игі ұрпақ қалдырған, ел игілігіне жарайтын дүние салдырған, артына ілім қалдырған адам» делінген. Артына ілім қалдырған ұстазға шәкірті әрдайым дұға жасап, жақсылық тілеп жүреді. Сондай азаматтардың қатары көбейсін деп тілейміз.

Алла Тағала барша ұстаздарға жар болып, ізгі амалдарының сауабын еселеп жазғай. Әумин!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру