Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысында ашылған жаңа мешітте жұма уағызын айтты.
«Асыл дінімізде пенденің Жаратушысымен байланысын нығайтып, тілегенін қабыл болуына ықпал ететін ғибадат түрі – дұға.
«Дұға» – сөзі тілдік тұрғыда – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем тілеу деген мағыналарды береді. Ал шариғаттағы мағынасы: «Алла Тағаланың құдіреті мен ұлылығының алдында пенде өз әлсіздігін сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып, мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауын дұға дейміз.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дұға – мүминнiң қаруы, дiннiң тiрегi, аспан мен жердiң нұры», – деген (имам Хаким).
Сондықтан да әркез өзіміз, жақындарымыз, халқымыз, отанымыз, тәуелсіз еліміз үшін ізгі ниет, жақсы дұғада болайық. Алла Тағаладан қазақ елінің өркендеуін, ел іргеміздің аман болуын, елімізде өмір сүріп жатқан әрбір шақырақта бақыт пен береке болуын сұрап дұға тілеп жүруді әдетке айналдырайық», - деді Бас мүфти.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
13.11.2026
26
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру