Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде «Еуразиялық Халал Одағының» кезекті отырысы өтті. Жиын офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.
Басқосуға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның халал саласына жауапты өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» ЖШС директоры, Одақтың тең төрағасы Айбек Аташев қатысты.
Жиынды Айбек Асқарбекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі бес мемлекеттің өкілдері өз елдеріндегі халал сертификаттау жүйесінің қазіргі жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Отырыс барысында Еуразия кеңістігіндегі халал өнімдер, қызметтер мен жүйелерді сертификаттаудың бірыңғай стандартын қалыптастыру, аккредиттеу талаптарын үйлестіру, Одақтың ұйымдық-құқықтық құрылымын жетілдіру және мүше елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысында тараптар алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, 2026–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын талқылады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
19.09.2026
209
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру