Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЖЫЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 10.11.2026 46 0 пікір
БАС МҮФТИ VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЖЫЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында VI Халықаралық қажылық конференциясы мен көрмесі өтуде. 

Халықаралық жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация қатысып жатыр.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі ұйымдастырған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен қажылық саласына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері мен қажылық миссияларының басшылары жиналды.

Конференция аясында Бас мүфти бастаған делегация өзге елдердің қажылық миссиялары басшыларымен бірге Мекке аймағы әмірінің орынбасары, ханзада Сауд ибн Мишғал ибн Абдулазиз Әл Саудпен өткен кездесуге қатысты.

Кездесуде қажылық саласындағы ынтымақтастық пен мұсылман елдері арасындағы рухани байланыстарды дамыту мәселелері сөз болды.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру