Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 08.11.2026 132 0 пікір
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми іссапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барды. 

Сапардың басты мақсаты – 2027 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау және екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстарды одан әрі дамыту.

ҚМДБ Төрағасы ресми сапарын Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиғамен кездесуден бастады.

Жиында алдағы қажылық маусымына дайындық мәселелері сөз болды. Тараптар Қазақстаннан баратын қажылардың сапарын дұрыс ұйымдастыру, оларға қолайлы жағдай жасау және қасиетті мекендерде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, оларды орналастыру және тасымалдау мәселелеріне назар аударылды.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру