Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы орталық мешітінің ауласына қала тұрғындары мен туристерге арналған жаңа ақпараттық көше терминалымен танысты.
Заманауи сенсорлық терминал арқылы мешітке келушілер Алматы орталық мешіті туралы толық ақпаратты бес тілде – қазақ, орыс, ағылшын, қытай және араб тілдерінде ала алады. Сондай-ақ Орталық мешіттің ішкі және сыртқы көрінісін 360 градус форматында виртуалды түрде тамашалауға мүмкіндік қарастырылған.
Ақпараттық терминалда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның негізгі қызмет бағыттары туралы да мәліметтер орналастырылған. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның «Халал Даму», «Тауаф» қажылық компаниясы, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы және өзге де құрылымдарының қызметімен танысуға болады. Сонымен қатар ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің діни-ағартушылық бағыттағы Azan.kz ақпараттық порталы туралы мәлімет ұсынылған.
Терминалдың тағы бір мүмкіндігі – Алматы қаласындағы 56 мешіт туралы ақпараттың бір жерге жинақталуы. Қолданушылар сенсорлық экран арқылы әр мешіттің мекенжайын, фотосуреттерін және қажетті мәліметтерін қарап, өзіне керекті мешітті оңай таба алады.
Аталған ақпараттық терминал мешітке келетін отандық және шетелдік қонақтарға қажетті мәліметті қолжетімді әрі заманауи форматта ұсынуға бағытталған.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
19.09.2026
728
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру