Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажыларымызды әуе тасымалдауда қолайлы жағдай жасау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында ашық конкурс жариялайды.
КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:
1. Үміткер авиакомпанияның «Қажылық-2027» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
2. Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасындағы тікелей әуе бағытқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
3. Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған қолайлы билет құнын ұсыну;
4. Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 01.05.2027ж. мен 10.05.2027 ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 21.05.2027ж. мен 01.06.2027ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;
Ескерту: Сауд Арабиясының талаптарына қарай аталған мерзімдер 1-3 күнге өзгеруі мүмкін.
Аталған құжаттар 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы а.ж. 7 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды!
Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне: +7 717 299 93 87,Жүсіпов Ерболат, хабарласуға болады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру