Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша өңірлердегі жұмыстарды үйлестіруге арналған онлайн жиналыс өтті.
Наиб мүфти Сансызбай Шоқановтың төрағалығымен өткен жиынға ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов, «Мұнара» газетінің директоры Ағабек Сыдықов және аталған бағытқа жауапты өңірлік қызметкерлер қатысты.
Жиында наиб мүфти «Ислам және адал қоғам» жылы аясында бекітілген жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, өңірлердегі іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру және айлық есептерді белгіленген мерзімде сапалы ұсыну қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібінде құдайы ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу және той өткізу мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды. Осыған байланысты қоғам қайраткерлерінің, ақсақалдар мен қоғамдық кеңес мүшелерінің және мешіт жамағатының қатысуымен түсіндіру кездесулерін өткізу, сондай-ақ той жүргізушілерімен насихат жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Бөлім меңгерушісі Марат Бектазинов мешіттер жанындағы отбасылық кеңес беру орталықтарының қызметін үйлестіру және жұмысын жандандыру жөнінде баяндады. Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов аталған орталықтарға арналған әдістемелік құралды әзірлеу барысы, оның мақсаты мен мазмұны туралы ақпарат берді.
«Мұнара» газетінің директоры Ағабек Сыдықов басылымда «Дін мен дәстүр» арнайы айдарын ашу, өңірлік жауапты қызметкерлердің мақала әзірлеу жұмысына қатысуын арттыру және медиа-жоспарға сәйкес материалдар ұсыну мәселелеріне тоқталды.
Жиын қорытындысы бойынша жылдық және айлық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету, отбасылық кеңес беру орталықтарының қызметін жетілдіру және өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
15.10.2026
547
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру