Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында «Тайқазан» қайырымдылық акциясына қатысты.
Акция барысында көмекке мұқтаж 100 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бас мүфти жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін жеткізіп, Ислам дініндегі қайырымдылық пен өзара қамқорлықтың маңызына тоқталды. Сондай-ақ мұқтаж жандарға қолдау көрсету, жақсылық жасау және қоғамдағы бауырмалдық байланысты сақтау туралы насихат айтты.
Іс-шара соңында Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылыққа атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
14.10.2026
52
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру