Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордада «Адалдық - Пайғамбар (ﷺ) өсиеті» атты тағылымды мәуліт кеші өтті.
Адамзаттың асылы – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айдың құрметіне арналған рухани шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, халық қаһарманы, генерал Бақытжан Ертаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Жабал Ерғалиев, Әлихан Байменов, ҚР Дін істері комитетінің төраға орынбасары Мақсат Раманқұлов сондай-ақ, мұсылман елдерінің елшілері арнайы қатысты.
Бас мүфти жамағатты мүбәрак мәуліт айымен құттықтап, ардақты Елшінің өнегелі өмірінен тағылым алуға, ізгілік пен адалдыққа, еңбекқорлыққа шақырды.
Оның орындауға міндетті болған сүннеттерін, мұстахаб, яғни ұнамды істерін және басқа да ілімдерін меңгеруге ұмтыламыз. Өйткені адам өзі жақсы көрген тұлғаны тануға, оның өмірі мен өнегесін білуге талпынады. Сол үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын Мәуліт кешін республика деңгейінде өткізіп келеді. Мұндағы мақсат – Пайғамбарымызды, оның өмірі мен өнегелі ісін жамағатқа көбірек дәріптеу»,- деді Бас мүфти.



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
30.08.2026
255
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру