Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Адалдық – Пайғамбар (ﷺ) өсиеті» атты рухани мәуліт кеші аясында арнайы танымдық көрме өтті.
Көрме ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өнегелі өмірі мен адамзатқа қалдырған асыл өсиеттерін кеңінен таныстыруға бағытталды.
Көрмені ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
Көрме барысында келушілер Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғибратты ғұмырымен танысып, оның адалдық, адамгершілік, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін өсиеттеріне қанықты.
Сондай-ақ, көрмеге келушілерге Пайғамбарымыз (ﷺ) өмірі мен өнегелі жолын таныстыратын VR көзілдірік арқылы виртуалды көрініс ұсынылып, Мүфтият баспасынан шыққан кітаптар таныстырылды.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
30.08.2026
527
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру