Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2026 жылдың 5-6 қыркүйек күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХV республикалық байқау» өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылдағы дәстүр бойынша ХV Республикалық Құран байқауын 5-6 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында өткізуді жоспарлап отыр.
Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.
- Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
- толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
- үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
- Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
- Үміткердің анкетасы;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.
Толық Құранды жатқа оқудан:
1-орын Автокөлік
1-орын (3 000 000 тг.)
1-орын (1 500 000 тг.)
1-орын (700 000 тг.)
Байқау Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
12.08.2026
291
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру