Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.
Кездесу барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарияланған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Динара Құтқожақызы өңір ұстаздарымен жүздесіп, аталған бағытта тағылымды насихат жүргізіп, жұмыс барысына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті.
Жиынға Алматы облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы арнайы қатысып, өз өңіріндегі тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан нәтижелі жобалар мен тиімді жұмыс тәсілдерін таныстырды.
Кездесу барысында ұстаздар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті әрі өзекті мәселелерді талқылады. Шығыс Қазақстан облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Айзат Әскербекқызы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар мен мақсат-міндеттерді таныстырды.
Тағылымды кездесу рухани-тәрбиелік жұмыстарды жандандыруға, өңір ұстаздарының тәжірибе алмасуына және алдағы қызметтің негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
30.07.2026
55
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру