Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Qaz-Qatar» жобасы: 7 отбасыға 140 тауық табысталды

«Зекет және қайырымдылық» muftyatkz 10.07.2026 40 0 пікір
«Qaz-Qatar» жобасы: 7 отбасыға 140 тауық табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырып жатқан «Qaz-Qatar» жобасы аясында кезекті қайырымдылық шарасы өткізілді.

«Балық берме, қармақ бер» қағидатын негізге алған жоба әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тұрақты кәсіпке баулып, олардың әл-ауқатын арттыруды мақсат етеді. Осыған орай, жоба аясында іріктелген 7 отбасыға құс шаруашылығын дамыту үшін жалпы саны 140 тауық табысталды.

Берілген қолдау арқылы отбасылар өз қажеттілігіне арналған табиғи өнім өндірумен қатар, артық өнімді өткізу арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ бұл бастама отбасы мүшелерін еңбекке баулып, шағын кәсіпті дамытуға жол ашады.

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау, оларды кәсіпке ынталандыру және тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған игі жобаларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру