Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.10.2026 139 0 пікір
БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мұхаммед Уарданимен кездесті.

Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен кездесуде еліміздегі діни білім беру жүйесін жетілдіру, білікті дін мамандарын даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, «Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні» тақырыбындағы халықаралық конференцияда дәстүрлі исламның ғылыми-тәжірибелік негіздері, ұлттық бірегейлік, дін мен дәстүр сабақтастығы және діни білім берудің өзекті мәселелері қарастырылды.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру