Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Шоқановтың жетекшілігімен еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларындағы Дін мен дәстүр бөлімі, Жастар ісі және Әйел-қыздар секторлары мамандарының қатысуымен онлайн мәжіліс өтті.
Жиынға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Ерболат Жүсіпов, Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай және ҚМДБ Әйел- қыздар сектор меңгерушісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы қатысып, өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды таныстырды.
Мәжіліс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі қызметіне жаңадан тағайындалған Ерболат Нұрылдаұлы өңірлердегі жауапты мамандарға ресми түрде таныстырылды. Сондай-ақ бөлімнің алдағы жұмыс бағыттары, басым міндеттері мен жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
07.07.2026
269
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру